Телефон арқылы ақша ұрлаған шетелдік алаяқтардың әрекеті тоқтатылды
Алматыда шетелдік алаяқтық call-орталығының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алматыда шетелдік алаяқтық call-орталықтың заңсыз қызметінің жолы кесілді.
Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Қаскүнемдер SIP-нөмірлерді сатып алып, пайдаланған. Олар арқылы ақша қаражатын ұрлау мақсатында азаматтарға мыңдаған алаяқтық қоңыраулар жасаған. Жүргізілген жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде call-орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін серверлер анықталып, токтан/желіден ажыратылды. Заңсыз әрекеттер толығымен тоқтатылды, - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы