17 Мамыр 2025 2025, 08:31
Фото: istockphoto.com
Телефон алаяқтары қазақ тілінде "сөйлей" бастады – полиция ескерту жасады
Полиция қазақстандықтарды жасанды интеллект қолданатын жаңа алаяқтық түрінен сақ болуға шақырды.
Полиция қазақстандықтарды жасанды интеллект қолданатын жаңа алаяқтық түрінен сақ болуға шақырды. Алаяқтар қазақ тілінде сөйлеп, азаматтарды алдауға тырысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, алаяқтар нақты адамның дауысына еліктеп, банк қызметкері, полиция қызметкері немесе жақын туыс ретінде қоңырау шалып, ақпарат сұрауы мүмкін. Сондай-ақ, олар deepfake технологиясын қолданып, танымал тұлғалардың немесе туыстарыңыздың жалған бейнежазбасын да жібере алады.
Полиция келесілерге назар аударуға кеңес береді:
- Қоңырау шалған адамның даусындағы эмоцияның болмауы немесе қисынсыз сөз тіркестері;
- ЖСН, банк картасы нөмірі, құпиясөздер сияқты жеке деректерді ешкімге айтпау;
- Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеру.
Бейтаныс нөмірден қоңырау түссе, бірден сеніп қалмаңыз. Алаяқтар жаңа технологияны шебер пайдалана бастады, – делінген полиция ескертуінде.