Телефон алаяқтары ақша жымқырудың жаңа тәсіліне көшті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Киберқылмыскерлер смартфонды сырттай басқару бағдарламасы арқылы банк клиенттерінен ақша жымқырудың жаңа тәсілін ойлап тапты, деп хабарлады РИА Новости.
Алаяқтар телефон иесіне гаджетті басқаруға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламаны жүктеп алуға сендірген.
Мамандардың айтуынша, аталмыш тәсілдің көмегімен айына жеке тұлғалалардан мыңнан астам ақша шығару операциялары жүргізілген.
"Айына орташа есеппен ірі банк үшін 6-10 млн рубльге дейін шығарып отырған", – дейді кибершабуылдарға тойтарыс беретін Group-IB компаниясының директоры Илья Сачков.
Almaty.tv хабарлауынша, осыған дейін, кибералаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін сайттардың дубликатын жасаған. Дер кезінде Kaspi.kz және Homebank.kz сайттарының егіздері анықталып, бұғатталған. Фишинг сайттарда қолданушыларға телефон нөмірі мен парольді теруді сұрайтын болған. Әрі қарай SMS-код теру арқылы қолданушы өз есепшоттарын алаяқтарға ашып беретін болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы