Телеарнаның зардап шеккен  студиялары жақын арада қайта қалпына келтіріледі- Қарин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин facebook-тегі парақшасында жариялады. 

«Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде Алматыдағы бес бірдей телеарнаға шабуыл жасалғаны баршаңызға белгілі. Бүгін Алматы қаласына жасаған жұмыс сапарымда «Qazaqstan» телерадиокомпаниясының Алматы филиалына қарасты ғимаратты аралап көріп, телеарна қызметкерлерімен әңгімелестім, - деді Қарин. 

Оның айтуынша, студиялар өртенген, ғимарат бүлінген. 

Ең өкініштісі, қаңтар оқиғасы кезінде ұлттық журналистиканың қара шаңырағы саналатын "Qazaqstan" телеарнасының жылдар бойына жинаған мұрағаттық жазбаларының баға жетпес, түпнұсқадағы аудио-бейне қорының біраз бөлігі жойылып кетті. Телеарнаның зардап шеккен студиялары жақын арада қайта қалпына келтіріледі. Аман қалған бейнетаспаларды цифрландыру жұмысын жедел түрде қайта бастайтын боламыз, - деді Ерлан Қарин. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы