Телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 19 тамызда профилактикалық жұмыстарға байланысты телеарналар мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылдың 19 тамызында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, - делінген "Қазтелерадио" хабарламасында.
Айта кетейік, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Айсұлтан Назарбаев 30 жасында қайтыс болды
Өзгелердің жаңалығы