Тель-Авивте дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Тель-Авивте дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні өтеді. Жарыстың екінші күнінде әйелдер 63, 70, ал ерлер 73 және 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Қазақстан сапынан бүгін жарыс жолына шығатын балуандар келесідей: 

Ерлер:

Жансай Смағұлов (73 кг)

Данияр Шамшаев (73 кг)

Абылайхан Жұбаназар (81 кг)

Бекәділ Шаймерденов (81 кг)

Әйелдер: 

Мөлдір Нарынова (63 кг)

Самалай Ерғалиева (63 кг)

Зере Бектасқызы (70 кг)

Жарыс елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы