Тектілік пен тағзым: Аула сыпырушы атаның әрекеті көпшілікті сүйсіндірді

Астанада аула сыпырып жүрген қария Әнұран әуені естілген сәтте бар шаруасын ысырып тастап, гимнды тік тұрып шырқады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба жүректерді елжіретті. Кадрлардан жұмыс істеп жүрген аула сыпырушы қарияның Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалған сәтте қолындағы құралдарын шетке қойып, өзі тік тұрып тағзым еткенін көруге болады.

"Военкада" әнұран орындалып жатыр. Біздегі дворник аға ғана жолда тоқтап, жүрегін ұстап ән айтып тұр. Қандай керемет! Елге деген сүйіспеншілік, - дейді видео авторы.

Бір қарағанда бұл қарапайым қылық секілді. Бірақ оның астарында ұрпаққа үлгі боларлық терең мән жатыр. Қарияның жүрек түкпірінен шыққан құрметі – мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.

"Осы кісіден үлгі алайық", "Нағыз патриот екен", "Қарапайым адамның кішкентай ғана іс-әрекеті керемет өнеге" – деп түрлі пікірлер жазуда желі қолданушылары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы