Тексеру комиссияларына өңірлердегі бюджетті қатаң бақылау тапсырылды

Мемлекеттік аудит органдарының үйлестіру кеңесі Кіші комитетінің отырысында жергілікті бюджеттердің жүйелі проблемалары және оларға аудит жүргізу мәселелері, сондай-ақ өңірлердің 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарларының іске асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара Жоғары аудиторлық палатаның басшылығымен өтті, оған өңірлік тексеру комиссияларының өкілдері қатысты.

Атап айтқанда, Алматы, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тексеру комиссиялары төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Қатысушылар бюджет қаражатының игерілмеуі, қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдалану, мемлекеттік органдар арасындағы жұмыс коммуникациясының жеткіліксіздігі, қол жеткізілуін бағалау мүмкін болмайтын нысаналы индикаторлардың болуы және басқалар сияқты кең таралған проблемалық мәселелерді қарады.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының іске асырылуына ерекше назар аударылды, өйткені олар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаттарының біріне жатады және жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық даму, өңірлерде азаматтардың әл-ауқатын арттыру, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту және ресурстарды оңтайлы бөлу жөніндегі міндеттерді шешуде нәтижелерге қол жеткізу шараларын қалыптастыру жөніндегі қызметін қамтуды көздейді.

Сондай-ақ талдау нәтижелері кейбір өңірлердің даму жоспарлары нәтижелерінің көрсеткіштерін нақты қол жеткізілген нәтижелерге сәйкестендіріп түзету фактілерінің және жекелеген аудандар мен қалалардың жалпы өңірлік дамудың негізгі мәселелері бойынша бастамалар жасамау жағдайларының болуын көрсетті.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссияларына:

– Мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне облыстардың 2021-2024 жылдарға арналған даму жоспарын іске асырудың тиімділігіне байланысты бұрын жүргізілмеген аудиторлық және сараптамалық-талдамалық іс-шараларды қосу мүмкіндігін;

– аудит қорытындыларына осы жоспарды орындау тиімділігі аудитінің тұжырымдары негізінде жергілікті атқарушы органдардың Өңірлердің даму жоспарын іске асыру кезінде туындайтын жүйелі бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдауын қосу туралы ұсынысты қарау жөнінде ұсыным берілді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша тексеру комиссияларына Жоғары аудиторлық палатаға жергілікті атқарушы органдардың өңірлердің даму жоспарларын іске асыру кезінде жүйелі бұзушылықтарды жою бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат беру туралы ұсыным берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жоғары аудиторлық палата
Өзгелердің жаңалығы