Тексерістен кейін Жамбыл облысының полиция басшысы мен оның орынбасарлары жұмыстан шығарылды

Жамбыл облысының полициясында бірқатар кадрлық тағайындау болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының “Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына Жолдауында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту және “заң мен тәртіп” қағидатын нығайту бойынша берген тапсырмасын іске асыру аясында, сондай-ақ Жамбыл облысы полиция департаментінде жүргізілген ІІМ инспекторлық тексеру қорытындысына сәйкес бірқатар кадрлық тағайындау жүргізілді.

Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин және оның орынбасарлары Құрмет Мажикенов, Нұржан Рахметуллаев, Қанат Сматов, Бауыржан Удергенов, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алмас Қожашев қызметінен босатылды, - делінген Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Облыстық полиция ведомствосының жаңа бастығы болып бұрын көліктегі полиция департаментін басқарған Бақытжан Малыбаев тағайындалды. ПД бастығының бірінші орынбасары қызметіне Мақсат Қанапяев, ал орынбасарлары болып Бауыржан Жанаев, Жайдарбек Құттыбаев және Мұхтар Аманбеков тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жамбыл облысы ПД
Өзгелердің жаңалығы