Техастағы әскери базада атыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Техас штатындағы әскери-теңіз авиация базасында атыс болды. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.
Салдарынан бір сарбаз жарақат алды. Анықталғандай, шабуылшы қауіпсіздік күштерінің қызметкері болып шықты. Ол база аумағына көлікпен басып кіріп, әскерилерге оқ жаудыра бастаған. Нәтижесінде атыс бастаған азамат оқиға орнында мерт болды. Әзірге оның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Өз кезегінде федералды тергеу бюросының мамандары мұны терроризммен байланыстырып отыр.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар ауыс-түйіс болды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы