Текелідегі лай көшкінінен зардап шеккендерге үй беріледі – Бозымбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Текелі қаласында лай көшкінінен зардап шеккендерге баспана беріледі. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
Бүгін Текеліде лай көшкіні жүрді. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған қыз бала қаза тапты. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бірнеше жекеменшік тұрғын үй бүлінді. Жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге баспана беріліп, көмек көрсетіледі, – деді Қанат Бозымбаев.
Бұған дейін Текеліде лай көшкіні болғанын хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау облысында АИТВ жұқтырғандар саны артуда
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы