Текеліде болған селдің кесірінен 5 жасар қыз жоғалып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін түске таман Текеліде батпақты лай жүріп, су астында бірнеше үй қалып қойған. Солардың бірінде болған 5 жасар қыз жоғалып кетті.
Сағат 12: 00-де Қонаев көшесі бойындағы 350, 348 үйлер ауданында топырақтың батпақтануы салдарынан тұрғын үйлерге балшық массасының түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Үй иелерінің айтуынша, 5 жасар қызы хабар-ошарсыз кеткен. Жергілікті атқарушы органдардан лайлы сазды жою үшін штаб құрылды. Зардап шеккен отбасылар қауіпсіз жерге көшірілетін болады, - деп нақтылады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнында мамандар мен құтқарушылар жұмыс істейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы