Текелі тағы да таза суға зар
Моноқала тұрғындары ішер судың лай екенін айтып шағымдануда. Жылдағы күрделі оқиға қайта қайталанып отыр, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
Тұрғындар әкімге сенбейді
Осыдан бір ай бұрын қала әкімі Алмас Әділ өңірлік коммуникация алаңында берген брифингінде ауызсу мәселесі енді алдымыздан шықпайды деп сендірген еді. Дегенмен, былтыр тағайындалған жаңа басшы кенді шаһардың байырғы әкімдерінің қойылымын қайталап отыр. Қазір қала тұрғындары ішер суға зар болып отырғанын айтуда. Краннан аққан лайға не суға түсе алмай, не киімін жуа алмай, тіп шәй да іше алмай дал болуда. Әкімдік әдетінше бөлінген ақшаның игілікке жаратып жатырмыз дегенімен, тұнғындар биыл да былтырғы уәдені жұтып қойғандай нәтижесіз бола ма деп алаңдауда.
Біз ілгеріде бұл тақырыпты кенінен тарқатып жазғанбыз, әйтсе де тұрғындардың тілегін жерге тастай алмадық. Уәде – Құдайдың бір аты, қаншама жылдан бері ауызсудан торыққан жұрттың арызын ескермеген шенеуніктердің әрекетті бейқамдық секілді. Себебі, өзеннен су ішіп отырған тау етегіндегі жұрт жаңбыр жауып, дауыл тұрғанда лайланған судан ішуге мәжбүр. Су сүзетін апарат қанша мықты дегенімізбен осы түйткілге келгенде әкімдіктің ақылы жетпейді. Қыруар қаржы жұмсалғанымен Текелі халқы жыл сайын кедергімен күресуге құмбыл.
Шыдамның да шегі бар
Өңір басшысы Бейбіт Исабаев жыл басында моноқала тұрғындарымен кездескенде осы ауызсу мәселесіне айрықша тоқталып, биыл түбегейлі шешілетінін айтқан еді. Тіпті сала мамандарына арнайы тапсырма да берген.
Өткен жылы 2 елді мекенді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. Биыл 16 елді мекенде су жүйелерін салу және қайта жаңарту жұмыстарының аяқталуы жоспарланып отыр. Бұл тізімге де моноқала кіреді», деген еді облыс басшысы. Содан кейін мәселені шеше алмаған Батыр Молдахметовты қызметінен алып, орнына бұрынғы Көксу ауданының әкімі Алмас Қабдулұлын отырғызған еді. Сонда жаңа әкімге әуелі таза су мәселесін тиянақтауды тапсырған. Бірақ, жаңа әкімнің де қолынан келмей жатқандай ма, қалай өзі?!. Ауызсуды ашық су көзінен алатын ағайынның жаз бастала айтатын арызы осы. Тұрғындардың сөзіне сүйенсек, пәтерге лайланған Қора өзенінің суы ешқандай сүзгісіз лай күйінде келіп жатыр. Ал оны тазалайтын үйдегі фильтрдің күш-қуаты жетпеуде. Шенеуніктердің уәдесіне әбден тойған тұрғындар кімге шағымданарын білмей отыр. Бұл проблемаға жылда соқтыққан соң арнайы үй ішіне фильт орнатқан едік. Қымбат болса да балалардың қамы үшін сатып алдық. Қанша мықты болғанымен техниканың аты техника жарты жыл жұмыс істеді де бұзылды. Тексертсек, үнемі көлемді кір суды тазалай беруге шамасы жетпейді екен. Оны тағы біршама ақша төлеп жөндеттік. Мәселен көршілеріміздің бұған шамалары жетпейді, зецнетақыға қарап отырған кісілер. Соларды аяймын. Он жылдан асты жыл сайын осы мәселе аяққа оратылады, шыдамның да шегі бар. Бір амалын табуға болады ғой, - дейді көп балалы ана.
Оның айтуынша, құм мен балшық араласқан суды қайнатқаннан ешқандай пайда жоқ, шәй ішуге келмейді. Халықтың дені бұлақ басына барып, 5-10 литр баклашкамен су тасып жүр. Ит пен мысық, сиыр мен қой қайдан су ішсе, тұрғындар да сол жерден су ішуге тура келіп тұр.
Президент тапсырмасы орындала ма?
Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісуға келген сапарында ауызсумен жабдықтау мәселесін шешуді жергілікті атқамінерлерге қадап айтқан еді. Себебі, анау кеңес өкіметінен бері ауызсу мәселесі текеліліктердің дертінен айналған. Жыл да әкімдердің есебіне үңілсеңіз, су желілерін жаңартып жатқанын айтып, көңіл аулап қояды.
Мәселен, моноқала басышсы Алмас Әділ қолданыстағы ұңғымалардан 15,5 шақырым су желілерін салу жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын жеткізген еді. Жобаның жалпы құны 994 млн теңгеге шақталған.
Сондай-ақ, бұл қаржыға қолданыстағы ұңғымаларға сорғы стансысын орнату, 2 дана (әрқайсысының көлемі 3 мың м3) резервуар салу, хлорсатураторды су дайындау, бактерицидтік құрылғыларын орнату жұмыстары да қолға алыныпты. Қазір аталған жобаның 50 пайызы орындалған.
Еңбек ардагері Ерлік Қойшыбаев бұлақ басынан таза су әкелі үшін күніне төрт шақырып жол жүреді екен. Әупірімдеп әкелген суының өзі қаптаған бала-шаға жетпейді, үнемдеуге мәжбүр.
Қартайған адамға су тасу оңай шаруа емес, үйдегі немерелердің қамы үшін ерінбей осынлай қарекет етпесек болмайды. Келін босанғалы отыр, бала жұмыста өзім қимылдамасам болмайды. Біраз уақыт жақсы су ағып, көңіліміз жайланып қалып еді, міне қайта басталды. Бұл қалада тұрып жатқаныма 30 жылға жуықтады. Осындай лай суды ішіп көрген емеспін. Әйтеуір, әкім біткен жылда жөндеп жатырмыз деп уәде береді. Бірақ арты осындай болып жатады. Ішер су таза болмаса адамды ауру қылады ғой. Әйтпесе бұл қаладан адам беземе, табиғаты көркем қала, - дейді атамыз.
Күзге дейін күтуге тура келеді
Иә, қария дұрыс айтады, Текелі – Жетісудың туристік локомотиві. Жыл сайын республикадан арысы шетелден мыңдаған адам келіп демалады. Оларды ауызсумен қамтамасыз ету үшін қалаға үлкен су құбыры қажет. Ең құрымағанда іргедегі ағын суды тазартып беріп отыратын. Бұл мәселе шешілмей туристік көптеп тарту шаруасы шатқаяқтай бермек.
Бүгінге дейін жұмысшылар төрт ұңғыма бұғылады. Қазір үш құдықтан су тартып көріп жатырмыз. Жалпы жобаның ұзындығы 15 шақырымды құрап отыр. Бүгінде іргелі жұмысиардың дені аяқталды. Шасамен он шақырым су желісі тартылды. Ақырындап жұмыс жүруде, яки бізде әрқайсысы үш мың текше метрлік екі резервуар бар деуге келеді. Онымыз алты мың текше метр суды құрайды. Оған қоса су қоймасының құрылысы қатар жүргізілуде. Көп ұзамай жұмыс толығымен аяқталады, халық та таза суға қол жеткізеді деген ойдамыз, - дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ғалым Қызылбаев.
Оның айтуынша, жұмыс осы жылдың қазан айына деейін тәмамдалуы қажет, қаржыдан біраз қиыншылықтар болғанымен, ол мәселе шешілген.
Айта кетейік, қолда бар мәліметке иек артсақ, өткен жылы осы салаға республикалық бюджеттен 416,2 млн теңге бөлінген. Осылайша істі «КазЕвроСтрой» мердігерлік ұйымы қолға алған. Олар шама бар қолданыстағы ұңғымалар ілікке алып, инженерлік желілердің құрылысын жасауға көшкен. Дегенмен бөлінген ақша жеткіліксіз болғандықтан, тағы да қаржы сұраған еді. Міне, бүгінде 1 млрд жуық қаражат беріліп отыр. Енді осыдан нәтиже болмаса, онда Текелінің халқының жылағаны жылаған. Қаржының тағы да далаға кеткені болмақ.
Шажа мен Қора өзенін бауырға алған ағайынның бір өтініші – ол таза су. Дені сау ұлттың – жаны да сау болмақ. Баласы үшін шырылдаған халықтың тілек-арызы осы. Су сорғыларын ғана емес, жалпы желілерді толық жаңартпай істің оңбасы анық. Қазір, мамандар сәл сабыр сақтауды сұрап отыр. Не де болса, істің соңын күтейік.