Тек түзету емес, жаңа мағына: Қарин Конституция туралы
Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституция мәтіні мен оның құрылымы айтарлықтай өзгергенін жеткізді. Дегенмен кеңесшінің айтуынша, жаңашылдық түзетулерде емес, жаңа мазмұнда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Конституцияның жаңашылдығы түзетулердің көптігінде емес. Оның жаңа тұжырымдамалық мазмұнында. Баптар мен бөлімдер тек редакциялық өзгерістерге ғана ұшырап отырған жоқ. Конституция мәтіні жаңаша, жаңа мазмұнда, жаңа мағынада қайта жазылды, - деді Қарин.
Ол соның айқын мысалы ретінде преамбуланы айтты.
Бұл бұрынғы мәтіннің жаңартылған нұсқасы емес. Комиссия талқылануындағы нұсқа Президенттің жуырда жариялаған тұжырымдамалық тезистерінің негізінде әзірленген мағынасы мен ішкі рухы жағынан мүлде жаңа преамбула, - деді Мемлекеттік кеңесші.
Ерлан Қарин жаңа преамбуланың ерекшеліктеріне тоқталды:
- адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде жарияланды;
- бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттілігіміздің негізі ретінде айқындалды;
- қоғамдық сананың ажырамас бөлігіне айналған әділеттілік, заң және тәртіп, табиғатты аялау сияқты құндылықтар алғаш рет Конституцияда бекітілуде;
- алғаш рет Конституцияның кіріспесінде мемлекеттілігіміздің тарихи жолы мен өркениет бастамалары айқын көрсетілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы