Тек балалар үшін емес, ересектерге де қолайлы жағдай жасалуда – Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданында болып, ондағы әлеуметтік және инфрақұрылым дамуын тексерді.

Жұмыс сапарымен Бостандық ауданында болып, ондағы әлеуметтік және инфрақұрылым дамуын тексердім. Бағанашылдағы «Алма ҮАК» бау-бақша серіктестігінде ұзындығы 350 м жуық қауіпті беткей учаскесін нығайту жұмыстары жүруде. Міндет 37 үйдің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алма-Арасан шатқалына қарасты Көкшоқыда сумен жабдықтау және су бұру желілері тартылып, көшеге жарық орнатылып, жол салу жоспарлануда, - деп жазды ол.

Сондай-ақ тұрғындардың өтініші бойынша мұнда этноауыл құру жобасын іске асыру мүмкіндігі қаралады.

Қолөнершілерге Almaty Business-2025 бағдарламасын пайдалануды, шағын өнеркәсіп парктерінің бірінде цех ашып, жылдық мөлшері 2%-бен жеңілдетілген несие алып немесе грант пайдалануды ұсындым, - деп жазды қала басшысы.

Аудандағы аулаларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Тек балалар үшін емес, ересектерге де қолайлы жағдай жасалуда. Тұрғындардың пікірі, өтініші ескерусіз қалмайды. Сондай-ақ салынып жатқан ТК-дағы мектепке арналған жаңа үй-жай мен жекеменшік балабақшаны қарап шықтым. Бизнес саласының өкілдері құрылыстағы жаңа қағидаға бағынып, қаланың әлеуметтік дамуына атсалысуда, - деп жазды Сағынтаев.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы