Техноалыптардың сервистеріне қазақ тілін қосу мүмкіндігі талқыланды - Мусин
Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Менің АҚШ-қа сапарым аяқталды. Бұл іссапарым әртүрлі ерекше танысулар мен кездесулерге толы қызықты сапар болды. Сапардың бірінші бөлігі Нью-Йоркте өтті, онда біз БҰҰ Әйелдер істері жөніндегі комиссиясының 67-ші сессиясында жұмыс істедік, ол: инновация, цифрландыру және технологиялар гендерлік теңсіздік мәселелерін шешуге қалай әсер ете алады деген тақырыпқа арналған. Аптаның екінші жартысын біз Сан-Францискода штаб-пәтерлерге барып, бірқатар ірі технологиялық компаниялармен, үздік VC және акселераторлармен келіссөздер жүргіздік. Айтпақшы, осы компаниялардың өкілдерімен біз осы техноалыптардың көптеген сервистеріне қазақ тілін қосу мүмкіндігін талқыладық. Тілдің маңызды салаларда, әсіресе ChatGPT сияқты озық әзірлемелерде барынша қатысуын қамтамасыз ету маңызды деп санаймын. Бұл көптеген қазақстандықтарға жаңа технологияларға тең қол жеткізуге мүмкіндік береді, - деді министр.
Бұдан басқа, геостационарлық спутниктер өндірумен айналысатын «Astranis Space technologies Corp» компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланды.
Сондай-ақ, мыңдаған қолөнершілердің жұмыстарын сататын онлайн-платформа NOVICA-мен ынтымақтастық бойынша нақты қадамдар жасалды. Жетекші 500 Startups американдық венчурлік басқарушы компаниямен кездесу өтті және аймақтық стартаптарды олардың акселерациялық бағдарламаларына дайындау мүмкіндігі талқыланды. Сондай-ақ, Дүниежүзілік экономикалық форумның Төртінші өнеркәсіптік революция орталығының (C4IR), UNISEF, UNDESA және т.б. командаларымен Қазақстанның цифрландыру тәжірибесін басқа елдерге тарату мүмкіндігін талқыланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі IT-саланың дамуына ерекше мән беріп, оған қолдау көрсетіп келеді. Бүкіл сапар барысында өз елім үшін керемет мақтаныш сезімде болғанымды ерекше атап өткім келеді. Менімен кездесіп, келіссөз жүргізген адамдар Қазақстанның технологиялар мен цифрландыру саласындағы үлкен ілгерілеуін атап өтті және көбісі біздің электрондық сервистеріміз туралы айтқан кезде өз таңданысын жасырмады. Осылайша, ДЭФ елімізді цифрлық сервистердің қазақстандық тәжірибесіне сүйене отырып, халықаралық бастамаларды әзірлеуге қатысуға шақырды. Бұл біздің цифрландыру саласындағы сақтандыру жұмысымызға берілген өте жоғары баға деп санаймыз.
Әрине, бұл бізге әрі қарай жұмыс істеуге және жаңа жобалар жасауға серпін береді. Және біз осы уақыт ішінде алған тәжірибемізді Қазақстанда біртіндеп енгізетін боламыз, - деп жазды ол.