Техникалық байқаудан өтудің жалған құжаттарын жасаған менеджер ұсталды

Қарағандыда жалған техникалық байқаудан өту құжаттарын жасаған сақтандыру компаниясының менеджері ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне қаладағы сақтандыру компанияларының бірінде жалған техникалық байқаудан өту құжаттарын сататындығы туралы ақпарат түсті. 

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сақтандыру компанияларының бірінің 35 жастағы менеджері ұсталды.

Ұсталған азаматшадан айғақ заттар, соның ішінде автокөліктердің техникалық байқаудан өткендігі туралы жалған 24 мөр басылған бланк тәркіленді. Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты мекенжайынан РФ сақтандыру компаниясы деген мөр, РФ сақтандыру компаниясының 33 бланкі, әртүрлі көліктерге қатысты 30 дана диагностикалық карта, пневматикалық тапанша және екі пышақ тәркіленді. ҚР ҚК 385-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы