13 Қазан 2025 2025, 07:48 Фото: The Dallas Morning News

Техаста ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Техастағы Форт-Уорт маңында жеңіл моторлы Beech King Air C90 ұшағы апатқа ұшырап, кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ The Dallas Morning News-ке сілтеме жасап.

Техастағы Форт-Уорт маңында жеңіл моторлы Beech King Air C90 ұшағы апатқа ұшырап, кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ The Dallas Morning News-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, әуе кемесі өнеркәсіптік аймақтағы автотұраққа құлап, сол жерде тұрған көліктерге соғылып, кейін өрт шыққан.

Қазіргі уақытта АҚШ Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) апаттың себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала деректерге сәйкес, бұл модельдегі ұшақта екі экипаж мүшесі мен бес жолаушыға дейін бола алады.

Алайда, борттағы адамдардың нақты саны мен апаттың себебі әзірге жария етілген жоқ.