Техаста Starship ғарыш кемесінің прототипі ұшу барысында жарылып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та Илон Маск-тің SpaceX компаниясының Starship ғарыш кемесінің прототипі жарылып кетті.

Spaceflight Now хабарлауынша, оқыс оқиға ғарыштық ұшудан кейін болды. Ғарыш кемесі жерге қонар сәтінде жарылған.

Анықталғандай, Starship 10 километр қашықтыққа дейін көтерілген. Кейіннен оның қозғалтқышы өшіп қалған. Салдарынан аэродинамикалық тежелу орын алды.

Вертикалды қалыпқа түсіру үшін кеменің қозғалтқышын қайтадан қосқан. Алайда жерге қонуға бірер секунд қалғанда кеме бортының видеосигналы жоғалып кетті.


Starship SN11 кемесі компанияның Техас штатында орналасқан полигонынан ұшырылды.

Еске салсақ, наурыздың басында Starship SN10 кемесі прототипін ұшыру да сәтсіздікке ұшыраған еді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы