"Тегіннің орнына ақылы болған". Аймағамбетов Artsport бағдарламасын сынады
Мәжілісте «Artsport» бағдарламасын жетілдіру тетіктері талқыланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отырыста депутат Асхат Аймағамбетов бағдарламаның кемшін тұстарын айтып, тексеріс кезінде анықталған бұзушылықтарды атады.
Тиісті тексерістер өтті. Шын мәнінде, үлкен кемшіліктер кездесіп отыр. Кейбір жаттықтырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде жыныстық қылмыстар бойынша деген ақпарат бар, - деді Асхат Аймағамбетов.
Оның сөзінше, тіпті бюджеттен қаражат болса да, балалардың ата-аналарынан қаражат талап еткен деген фактілер кездескен. Бұған қоса, тексерістен өткен жерлердің жағдайы санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейді.
Қызмет көрсетпей, тізімдегі нақты адамдар бармаса да, бюджеттен қаражат төлеген. Сондай-ақ ақпараттық жүйелерде бірізділік жоқ. Қызметтің қайталануы бар. Мектепте ақысыз үйірмелер болса да, балаларға оны ақылы түрде берген деген де анықталды, - деп айтты депутат отырыста.