Тегін медициналық көмек халықты ең минималды әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз етеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева 2018 жыл соңында "Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заңмен қабылданған Тегін медициналық көмек пакетінің жаңа үлгісі және МӘМС пакетіне енетін қызметтер тізімін таныстырды.Оның айтуынша, кепілдендірілген тегін медициналық көмек халықты ең минималды әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз етеді. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ТМККК пакетіне кірмеген қызметтер мен жаңа қызмет түрлері көрсетілмек. Медициналық көмектің қосымша көлемі ерікті сақтандыру мен ақылы қызмет арқылы көрсетілуі тиіс.
"Сақтандырылған азаматтар МӘМС пакеті шеңберінде консультативтік-диагностикалық көмекке қол жеткізеді. Оған мамандардың қабылдауы, зерттеулер, бағасы қымбат болып келетін лабораториялық зерттеулер, ересектер мен балаларды профилактикалық тексеруден өткізу жатады", - дейді ол.
Автор: Зарина ӘБІЛМАЖИНОВА
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Назарбаев «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы