Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады

Ертіс өңірінің тұрғындары пилоттық жоба шеңберінде өздерінің АИТВ мәртебесін тегін және жасырын түрде біле алады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Кез келген азамат инфекция бойынша экспресс-тестілеуден өтіп, мамандардың тегін кеңесіне де жүгіне алады.

Облыстық адамның иммун тапшылығы вирусын алдын алу орталығы басшысының орынбасары Бақыт Жанахметованың айтуынша, өңірде жыл сайын АИТВ инфекциясын жұқтырған 200-250 адамда анықталады.

Аймақта АИТВ-инфекциясы мәртебесі бар 2723 адам тұрады. Ал жыл басынан бері 182 жаңа оқиға тіркелді. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда бұл - 10 жағдайға аз көрсетікш. Олардың басым бөлігі инфекцияны жыныстық жолмен жұқтырған. Ал науқастардың 32%-ы инфекцияны есірткі тұтыну барысында жұқтырып алғаны анықталды. Пациенттеріміздің жартысы жұмыс істемейтін азаматтар. Сонымен қатар  АИТС мәртебесі бар 18 жасқа дейінгі 20 бала да есепте тұр. Олар адамның иммун тапшылығы вирусын аналарынан жүктілік, босану кезінде жұқтырған. Диагноз қойылған сәтте пациенттерге бірден антиретровирустық терапия ұсынылады, - дейді Бақыт Жанахметова.

Облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының емдік көмек бөлімінің меңгерушісі Марина Сорокинаның айтуынша, облыста АИТВ жұқтырудың алғашқы дерегі 1988 жылы тіркелген.

Сол сәттен бері АИТВ мәртебесі бар 514 әйел босанды. Дүниеге есігін ашқан 24 нәресте аналарынан вирус жұқтырған болып шықты. «Верикалды трансмиссиясын алдын алу» халықаралық бағдарламасы шеңберінде ауқымды ем-шаралар қолға алынады. Нәтижесінде анадан балаға инфекция жұқтыру көрсеткіші төмендеді, - дейді Марина Сорокина.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: -архив
Өзгелердің жаңалығы