Тегін үйірме: Мемлекеттік бағдарлама аясында заңбұзушылықтар анықталды
Жеке кәсіпкер алты баланы үйірме сабақтарына қатысты деп жалған құжаттар әзірлеген.
Ақмола облысының прокуратурасы «ArtSport» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көкшетау қаласының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде балалардың сабаққа қатысуын есепке алу бөлігінде мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жария оферта талаптарының бұзылғанын анықтады.
2023 жылғы мамыр айынан 2024 жылғы қыркүйек айына дейінгі кезеңде жеке кәсіпкер алты баланың сабақтарға қатысуын жалған көрсеткені, ал бұл балалардың іс жүзінде секцияларға бармағаны анықталды. Азаматша Н. жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, «ArtSport» бағдарламасына қатысу құқығын алған және ваучерлік қаржыландыру арқылы сабаққа қатысу табельдерін және көрсетілген қызметтер актілерін жалған толтырған. Соның негізінде мемлекеттік бюджеттен оның есепшотына ақша қаражаттары аударылған. Нәтижесінде мемлекетке 1,4 млн теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалалық соттың үкімімен азаматша Н. бюджет қаражатын жымқырғаны үшін (ҚРҚК 190-бабы) кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына, сондай-ақ 3 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыруға сотталды, деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова eGov порталындағы «Білім» бөлімінде оқушылардың үйірмелерге қатысуы туралы мәліметтердің жариялануына байланысты қоғамда туындаған пікірлерге жауап берген болатын.
- Балағат сөздері үшін бірнеше рет жауапқа тартылған әйел психикалық орталыққа жатқызылды 15:30
- Биыл 1,5 миллионнан астам қазақстандық паспорт пен жеке куәлік алды 15:14
- Университетке түсетін талапкерлер нені білуі керек: Грант қалай бөлінеді? 15:00
- Бір келісі – 2600 доллар: Алматыда киік мүйіздері аукционға қойылды 14:51
- Қызықты статистика: Қазақстанда Абай есімді 9 әйел бар 14:32
- Қазақстанның балабақшаларында кезек 160 мыңнан 23 мыңға дейін азайды 14:08
- Несие жүктемесін қалай азайту керек? 10 мыңнан астам әскери қызметші қаржылық сауаттылығын арттыруда 13:50