Тегін такси
Сайлау қарсаңында Үштөбе қаласының «Алло такси» қызметінің жүргізушілері жолаушыларды тегін тасымалдауда, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Жетісу облысындағы тілшісі.
Ауданда мұндай игілікті іс саяси науқандарда тұрақты ұйымдастырылады.
Ақысыз қызмет көрсетіп жүрген такси жүргізушілері бүгінгі өтіп жатқан саяси науқан ел азаматтары үшін маңызды екенін айтып, қала тұрғындарының барынша сайлауда дауыс бергендерін қалайды.
Саяси науқандарда такси қарапайым халықты тегін тасымалдайды. Жол бойында тұрған адамдарды алып кетіп жатқан жомарт жандарға алғысымызды білдіреміз, - дейді қала тұрғыны Жадыра Ахметова.
Таңмен таласып, тұрғындарды сайлау учаскелеріне тегін тасымалдаған «Алло такси» қызметі 1 сағат ішінде 50-ден астам тапсырыс қабылдады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада бауырын құрт жеген қызға ерекше ота жасалды
Келесі жаңалық
Есірткі таратқан астаналық 18 жылға сотталды
Өзгелердің жаңалығы