Тегін отаны ақылы қылған: Атырауда хирург пациенттердің де, МӘМС-тің де ақшасын жымқырған
Атырау облысында дәрігер тегін отаны ақылы қылып, МӘМС есебінен де ақша алған.
ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті алаяқтық және заңсыз материалдық сыйақы алу фактілері бойынша күдікке ілінген хирург-дәрігерге қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу амалдарына сай, күдікті 2023-2025 жылдар аралығында «Family Health Clinic» ЖШС мен «Ким В.» ЖК клиникасында жұмыс істей отырып, пациенттерден варикоз ауруына жасалатын операциялардың МӘМС шеңберінде тегін жүргізілетіні туралы ақпаратты жасырған және көрсетілген қызметтер үшін төлемді өзінің банктік шоттарына қабылдап отырған.
Сонымен қатар, «DamuMed» жүйесіне пациенттерге тегін медициналық көмек көрсетілгені туралы мәліметтер енгізіліп, соның негізінде медициналық ұйымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландыру алған.
Осылайша, бір медициналық қызмет үшін төлем екі рет жүргізілген: бір жағынан МӘМС қаражаты есебінен, екінші жағынан пациенттердің өз қаражаты арқылы.
Нәтижесінде күдікті 42 пациенттің 8 млн теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденген. Ал көрсетілген медициналық қызметтер үшін медициналық ұйымдарға Қор тарапынан 14,8 млн теңгеден астам қаражат аударылған. Бұдан бөлек, оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін пациенттерден заңсыз ақшалай сыйақы алған фактілері де анықталды. Күдіктіге қатысты елден кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, - деп хабарлады ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
- Ақтауда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел көз жұмды 15:50
- Қазақстанда құрылыс қарқын алды: Жарты жылда 4 трлн теңгеден астам жұмыс атқарылды 15:11
- Қазақстандық триатлоншылар Азия кубогінде төрт медаль жеңіп алды 14:48
- Ақмола облысында бір тәулікте 100 гектарға жуық жер өртенді 14:13
- Маңғыстауда мұнай кен орнында резервуарды тазалау кезінде өрт шықты 13:49
- Иран Ормуз бұғазын ашу үшін АҚШ-қа қатаң талап қойды 13:17
- Қытайдағы алау мерекесінде 16 адам күйіп қалды 12:49