Алматыда төтенше жағдайларды хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды, деп мәлім етті Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Жоба Smart Almaty концепциясын іске асыру аясында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласының даму Орталығы және қазақстандық әзірлеуші- компания «I2NIK» ЖШС-і арқылы іске асырылған.
Мобильді қосымшаны ОС Android және IOS базасында смартфондар мен планшеттер иеленушілері мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктей алады, қазіргі уақытта қосымшаны 2000 желі пайдаланушылары өздеріне жүктеген.
«Darmen» қосымшасын өңдеу үшін Жапония мен АҚШ-ың ұялы қосымшалар арқылы халықты хабарлау тәжірибесі қолданылды. Бұл ретте, біздің қосымша бірнеше секундтың ішінде Алматы қаласының маңайында орын алған төтенше жағдайлардың /дауылды ескерту, жер сілкіну және т.б./ туындау қаупі мен пайда болуы туралы халықты хабардар етуге мүмкіндік береді.
Қаланың ТЖД-і «Қазгидромет» және Сейсмологиялық эксперименттік-әдістемелік экспедиция қызметтерінен жедел деректерді алғаннан кейін хабарландырулар жасайды. Әрі қарай, Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекші деректерді жүйеге енгізіп, push қосымшасын қолданатын желі пайдаланушыларына тез арада хабарландыру арқылы жібереді.
Ұялы қосымшалар сынақтан өткізілді және алдында қолданылған SMS-хабарламамен салыстырғанда хабарландыруларды тез жеткізу бойынша жоғары тиімділікті көрсетті. Сонымен, 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап ТЖД-і қала тұрғындарын төтенше жағдайлар туралы құлақтандыруды SMS-хабарламамен бірге «Darmen» қосымшасы арқылы хабарлайтын болады.
Аталған қосымшанын App Store, PIay Market-тен мобильді телефондар қосымшасы үшін «Darmen» деген атпен жүктеуге болады.