Тегін дәріні қандай жағдайларда алуға болады?
Бірқатар созылмалы ауруларда кейбір дәрі-дәрмектерді тегін алуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олардың тізбесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылады және аурулары мынадай топтарға жататын адамдарға ұсынылады:
– қанайналым жүйесі;
– тыныс алу ағзалары;
– ас қорыту ағзалары;
– қан, қан түзетін органдар және иммундық жүйе проблемалары;
– инфекциялық және паразиттік аурулар;
– эндокриндік жүйе, зат алмасуының бұзылуы;
– тірек-қимыл жүйесі және дәнекер тін;
– несеп-жыныс жүйесі;
– жаңа өсіпелер;
– орган трансплантациясынан кейінгі қолдау;
– психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары;
– паллиативті көмек және т.б.
Бұл тізіммен өзіңіз де таныса аласыз, сондай-ақ осы немесе басқа жағдайда не қажет екенін дәрігеріңізден сұрай аласыз.
Аурулар кезінде ұсынылатын барлық тегін препараттардың толық тізімі «Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесінде» қолжетімді.