Тегін әрі тиімді: мемлекеттік тілді үйрететін онлайн сабақтар іске қосылды
Қазақстанда этностарға мемлекеттік тілді және өз ана тілдерін үйренуге қолдау көрсету мақсатында жаңа оқу ресурсы жасалды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мемлекеттік тіл мен этностардың ана тілдеріне арналған бейнесабақтар топтамасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанда этностарға мемлекеттік тілді және өз ана тілдерін үйренуге қолдау көрсету мақсатында жаңа оқу ресурсы жасалды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мемлекеттік тіл мен этностардың ана тілдеріне арналған бейнесабақтар топтамасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бейнесабақтар А1 – қарапайым деңгейдегі тіл үйренушілерге арналған. Сабақтар татар, неміс, кәріс, өзбек, дүнген, ұйғыр, поляк және түрік тілдеріндегі субтитрлермен қамтамасыз етілген. Бұл этностардың ана тілдік ортасына сай ыңғайлы түрде білім алуына мүмкіндік береді.
7-10 минуттық қысқа форматтағы бейнеконтент тыңдалым, жазылым және айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, қолданушылар үшін ең қолайлысы – бейнесабақтар тәулік бойы, 24/7 режимінде қолжетімді, - деп хабарлады Тіл саясаты комитеті.
Министрлік бұл бастаманың мақсаты – мемлекеттік тіл мен ана тілдерін үйренуде қолжетімді ресурстарды көбейту, оқытудың заманауи нысандары мен технологияларын енгізу және айтылым дағдысын жетілдіру арқылы тіл үйренушілердің санын арттыру екенін атап өтті.
Айта кетейік, қазақ тілін үйренушілер бейнесабақтарды тәулік бойы, 24/7 режимінде пайдалана алады.
- 100-ге жуық тұрғын «Жасыл аула» акциясына қатысты 19:45
- Сабақтағы төбелес: Ақтауда оқушы ауруханаға түсті 19:32
- Мұнай бағасы жылдық өсімін 50%-дан асырды 19:06
- Talan Towers-тен құлаған материал екі көлікті зақымдады: Шығынды кім өтейді? 18:48
- Оман Сұлтанның Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды 18:46
- Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері белгілі болды 18:31
- Қазақстан мен Оман энергетика, логистика және ауыл шаруашылығында ынтымақтастықты күшейтеді 18:18