Тегеранда ХАМАС басшысы Исмаил Ханияны өлтіріп кетті

Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Тегеранда ХАМАС палестиналық қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның өлтірілгенін жазып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Исмаил Хания Иран астанасындағы оның резиденциясына шабуыл барысында көз жұмғаны айтылуда.

Сонымен қатар атыс кезінде оның оққағарларының бірі қайтыс болған.

ХАМАС қозғалысы саяси бюро басшысының қайтыс болғанын ресми мәлімдемеде растады.

Қайтыс боларының алдында Хания Иранның жаңадан сайланған президентімен кездескен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Х/MehrnewsCom
Өзгелердің жаңалығы