Бүгiн 2026, 00:15 Фото: freepik

Тегеран талабы: Иран соғысты тоқтатудың 5 басты шартын айтты

Иран АҚШ-пен соғысты тоқтату шарттарын атады.

Иран АҚШ-тың ұсынысын қабылдамай, соғысты тоқтату тек өз шарттары негізінде ғана мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ РБК деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Тегеран бес негізгі талапты алға тартты:

  1. Қарсы тараптың «агрессиясы мен адам өлтіру әрекеттерін» толық тоқтату.
  1. Иран аумағында соғыстың қайта басталмауын қамтамасыз ететін нақты механизмдер құру.
  1. Әскери шығын үшін өтемақы мен репарацияларды толық әрі нақты төлеуге кепілдік беру.
  1. Аймақтағы барлық майдандарда және оған қатысқан қарсылық топтары үшін соғысты толық аяқтау.
  1. Ормуз бұғазы үстінен Иранның егемен құқығын халықаралық деңгейде мойындау және оған кепілдік беру.

Иранның мәлімдеуінше, бітімге қатысты келіссөздер тек осы талаптардың барлығы қабылданған жағдайда ғана басталуы мүмкін. Оған дейін ешқандай келіссөз жүргізілмейді.

Ресми тұлғалар Иранның қорғаныс операциялары талаптар орындалғанға дейін жалғасатынын атап өтті. Сонымен қатар, Тегеран АҚШ-қа соғыстың аяқталу мерзімін белгілеуге мүмкіндік бермейтінін жеткізді.