Тегеран маңына жасалған әуе соққысы: 19 адам қаза тапты, оның ішінде 6 бала бар
Тегеран маңындағы соққыдан 19 адам қаза тапты, оның ішінде балалар бар. Иран жауап ретінде Израильге зымыран атқылады – аймақтағы жағдай ушығып барады.
6 сәуір күні Иранның Тегеран қаласына жақын Эсламшахрда жасалған әуе соққысы салдарынан кемінде 19 адам қаза тапты, олардың алтауы – балалар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
DW агенттігінің мәліметінше, соққы тұрғын үйге тиген, нысананың не себепті таңдалғаны әзірге белгісіз. Израиль кейін Иран аумағына соққы жасалғанын растағанымен, бұл шабуыл үшін ешбір ел ресми жауапкершілік алған жоқ.
Соққыдан кейін Тегеранның кейбір аудандарында газ беру уақытша тоқтап, инфрақұрылымға зиян келгені хабарланды.
Осыған жауап ретінде Иран Израиль аумағына зымырандық соққылар жасады. Хайфа қаласында тұрғын үйге түскен зымыран салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалды. Ғимараттың бір бөлігі қирап, құтқару жұмыстары қиын жағдайда жүргізілуде.
Израильдің орталық өңірлерінде әуе дабылы бірнеше рет қосылып, атылған зымырандардың көпшілігі әуе қорғаныс жүйелері арқылы жойылған. Жалпы, 5 сәуір күні Иран Израильге төрт мәрте соққы жасап, оның бірі Беэр-Шева маңындағы ірі өнеркәсіптік нысанға тиген.