Кеше 2026, 04:34 Фото: Анадолы агенттігі

Тегеран АҚШ-тың Парсы шығанағының оңтүстігіндегі әскери базаларын жоюмен қорқытты

Оның айтуынша, соңғы 24 сағат ішінде Ормуз бұғазы арқылы ешбір кеме өтпеген. Сонымен қатар ол жақын уақытта аймақтағы АҚШ әскери базалары «жойылады» деп мәлімдеді.

Иранның әскери қолбасшылығы АҚШ-тың Парсы шығанағының оңтүстігіндегі барлық әскери базаларын істен шығаруға уәде берді. Бұл туралы "Хатам әл-Анбия" орталық штабының ресми өкілі Эбрахим Зольфагари мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы 24 сағат ішінде Ормуз бұғазы арқылы ешбір кеме өтпеген. Сонымен қатар ол жақын уақытта аймақтағы АҚШ әскери базалары «жойылады» деп мәлімдеді.

Зольфагари Иран жаңа «жаңа әлемдік тәртіп» орнататынын да айтқан.

Осы арада Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаи Тегеран кез келген сценарийге дайын екенін мәлімдеді.

Бұған дейін CNN деректеріне сүйенген ақпаратта Пентагон Иранға қарсы ықтимал соққылар үшін нысандар тізімін әзірлегені хабарланған.

Багаиның айтуынша, Иран әскері 40 күндік қақтығыстар кезінде кез келген әрекетке қатты жауап беруге дайын екенін көрсеткен.

Сондай-ақ ол АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде Пәкістан делдал рөлін атқарып отырғанын да растады.