Teez: Жаңа қазақстандық маркетплейс туралы не білеміз?

Қазақстандық маркетплейс Teez 2024 жылдың қыркүйегінде ресми түрде іске қосылып, онлайн-сауда нарығында айтарлықтай орын ала білді. Оның басты ерекшелігі — тапсырыстарды тегін әрі бір күнде жеткізу. Қазіргі уақытта сервис еліміздің 30 қаласында жұмыс істейді, ал қосымшаны 300 мыңнан астам пайдаланушы жүктеп үлгерген. Teez жеткізу жүйесі қалай жұмыс істейді, компания сатушыларды несімен қызықтырады және Жаңа жыл қарсаңында қандай науқандар дайындады? Осы туралы толығырақ айтып берейік.

Бір күнде жеткізу

Қазақстандықтар арасында жылдам жеткізуге деген сұраныс артып келеді. Бұл Teez маркетплейсіне қарқынды түрде назар аударудың негізгі себептерінің бірі болды. Сервисті әлі қолданбаған адамдар көбіне күмәнмен қарап, еліміздің батыс өңірлеріне тапсырыстарды бір күнде жеткізу мүмкін емес деп ойлайды. Алайда, тұрғылықты аймағына қарамастан, барлық клиенттер тапсырыстарын дәл уақытында алады.

Мұндай жылдамдық кездейсоқтық емес, бұл — дұрыс құрылған логистиканың нәтижесі. Барлық тауарлар Қарағанды қаласындағы 60 мың шаршы метр аумақтағы орталық қоймада сақталады. Бұл тапсырыстарды дереу жинап, қажетті бағытқа жіберуге мүмкіндік береді. Жеке автопарк тауарларды нақты маршруттар бойынша жеткізсе, шалғай аймақтарға жеткізуді серіктес әуе компаниялар жүзеге асырады.

Біз Teez қазақстандық e-commerce нарығына қажет екенін көріп отырмыз: күніне шамамен 30 мың адам қосымшамызда тауар іздейді және бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді. Соңғы күндері тапсырыстар саны 5 есеге артты. Сатып алушылар ұзақ күтуден және компаниялардың уәделерін орындай алмайтындығынан шаршады. Ал біз уәдемізді әрдайым орындауға тырысамыз. Әрине, егер ауа-райы күрт бұзылып, боран болмаған жағдайда. Мұның барлығының сапалы жүзеге асуының басты құпиясы — барлық процестердің өз қолымызда болуы: логистика, курьерлер, тапсырыс беру пункттері, қойма, қызметкерлер және IT. Сондықтан мұндай жүйені қайталау оңай емес, — дейді Teez компаниясының негізін қалаушылардың бірі Линар Хуснуллин.

Клиенттерге қамқорлық және Жаңа жылдық науқан

Teez қызмет көрсету сапасына ерекше мән береді. Ыңғайлы тапсырыс беру пункттерінде әр нәрсе егжей-тегжейлі ойластырылған: тауарларды тексеру аймақтары, киім өлшеу бөлмелері және жағымды фондық музыка. Курьерлік қызмет те қалыс қалмайды: тапсырыстар есікке дейін жеткізіліп, клиентке ыңғайлы уақыт алдын ала анықталады. Сонымен қатар, курьер тапсырысты тексеріп болғанша күтіп тұрады.

Біз іске қосылған кезде, әр тапсырысқа шағын сыйлық қосып отырдық — шай мен стикерлер. Бұл клиенттермен байланыс орнатудың қарапайым, бірақ тиімді тәсілі болды, — дейді Teez-дің PR-менеджері Әділжан Базылбеков.

9 желтоқсан күні Teez маркетплейсі SEED агенттігімен бірлесіп дайындаған Жаңа жылдық бейнероликті көрермендерге ұсынды. Роликте жылылық, махаббат пен аздап әзіл қосылып, адамдарға жақындары туралы ұмытпау маңызды екенін еске салынды. Бейнероликпен бірге «Сиқырлы» тастармен науқан басталды. Teez-ден осы тасты сатып алған әрбір тұлға жақын адамының тілегін орындауға мүмкіндік алады. 30 желтоқсанда компания 10 жеңімпазды жариялайды, олар жақындарына 700 000 теңгеге дейін сыйлық таңдай алады. Науқанның толық шарттарын Teez-дің Instagram парақшасынан немесе қосымшасынан табуға болады.

Жергілікті бизнесті қолдау

Көптеген кәсіпкерлер жаңа маркетплейс туралы естіп, онымен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Teez-ге сатушылардың қосылуының бірнеше себебі бар. Компания логистиканың барлық процесін өз мойнына алады: бизнесте тауарды сақтау, жеткізу және қайтару мәселелерімен айналысудың қажеті жоқ — мұның бәрі бірыңғай комиссияға кіреді. Бұл сатушыларға негізгі жұмысына — бизнесті дамытуға назар аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Teez жаңа сатушылар үшін тегін оқыту курстарын ұйымдастырып, оларға сатуды бастауға көмектеседі.

Біз клиенттермен, серіктестермен және өз командамызбен жылы қарым-қатынас орнатуға бағытталғанбыз. Тек осылай адамдардың өмірін жақсартатын, қарапайым әрі ыңғайлы ететін жобаны жасауға болады, — дейді Teez компаниясының коммуникациялар жөніндегі басшысы Ксения Лукичева.

Teez қағидаттары адамдардың өмірін жақсартуға негізделген: сатып алушылар үшін жылдам жеткізу, сапалы сервис және жайлылық; серіктестер үшін қарапайым, түсінікті және тиімді ынтымақтастық; команда үшін үздік жұмыс жағдайлары, әлеуметтік жауапкершілік және қоғамға арналған жобалар. Компанияда мынаған сенімді: егер адамдарға қамқорлық жасасаң, олар қайта оралады — табысты бизнестің негізі осында. Болашақ — өз клиенттерімен бірге өзгеріп, дамуға дайын компаниялардың қолында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Teez
Өзгелердің жаңалығы