Президент инновациялық кластер орталығының жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Tech Garden орталығының жұмысын жоғары бағалап, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа инновациялық кластер орталығында орналасқан 4 технологиялық лаборатория, 50-ден аса IT компаниялар мен бірқатар стартап жобалар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
"Инновациялық кластердің жұмысына 284 ұйым біріктірілген. Олардың қатарында 23 жоғары оқу орны, 25 ғылыми зерттеу орталығы, 2 технопарк, 1 даму институты, "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағына қарасты 166 компания, 1 бірлескен инвестициялық қор және 66 ұйым бар", - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Олимпиада ойындарының жүлдегері ұлттық құраманы жаттықтырады
Өзгелердің жаңалығы