8 Тамыз 2026, 23:44
Фото: ҚР Спорт комитеті
Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» чемпионы атанды
Қазақстан «Болашақ ойындарында» алтын медаль жеңіп алды: Team KZ финалда Ресей құрамасын ұтты.
Қазақстандық Team KZ командасы «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде Phygital Shooter дисциплинасы бойынша алтын жүлде жеңіп алды.
Финалда қазақстандықтар ресейлік LIGA PRO TEAM командасын 2:1 есебімен жеңді. Team KZ алдымен CS2-дегі Dust 2 картасында басым түсіп, кейін лазертагта 1:6 есебімен есе жіберді.
Чемпион тағдыры шешуші Nuke картасында анықталды. Қазақстандық команда қарсыласынан басым түсіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді.