Павлодар облысының 52 мектебінде «Teacher's office» ашылды

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында 52 орта мектепте мұғалімдерге арналған «Teacher's office» аты заманауи бөлмелер ашылды.

Облыстық білім беру басқармасы мамандарының айтуынша, ұстаздар бөлмелерін ашуға демеушілер мен жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Заманаи құралдардың көмегімен педагогтар қағазбастылықтан арылумен қатар, уақыт үнемдейді. Бүгінде білім беру бағдарламаларының барлығы ғаламторда қолжетімді.

Нәтижесінде педагогтардың жүктемесі 40, сынып журналдарына жұмсалатын қаражат 10%-ке азайған.

«Күнделік» бағдарламасы арқылы оқушылардың білімдерін бағалайтын болдық. оңай әрі тиімді. Ең бастысы, электронды бағдарламалардың арқасында ата-аналармен кері байланыс орнады. Олар балаларының оқу үлгерімі, үйге берілген тапсырмалар туралы ақпаратпен таныса алады», - дейді Павлодар қаласындағы №16 мектеп-лицейінің мұғалімі Салима Қалиасқарова.

Алдағы уақытта осы тектес бөлмелер облыстағы 350-ден астам бір мектепте ашылмақ.

Айта кетейік, өңірдегі орта білім беру нысандарының барлығы кең жолақты интернетпен қамтылған, олардың 260-да вай-фай жүйесі бар. Былтыр ғаламтордың жылдамдығын арттыру мақсатында мемлекет бюджетінен шамамен 200 млн. теңге бөлінген. Жалпы, облыста білім беру саласында автоматтандыру бойынша 10 жоба іске асырылуда.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда компьютерлік техникамен қамту көрсеткіші бір оқушыға шаққанда 5,2-ні құрайды. Ауылдық жерлердегі көрсеткіш – 3,8.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы