Теңіз кен орнының төрт жұмысшысы Covid-19 індетін жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда коронавирус инфекциясы анықталғандар саны 139 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.
Науқастар 1988, 1993 жылы туған әйел адамдар мен 1968, 1978 жылғы ер адамдар. Олардың барлығы Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшылары.Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде, - делінген хабарламада.Науқастармен байланыс жасаған адамдар анықталып, оқшаулануда. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
30 сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында 139 адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр. Қауіпті індеттен 64 адам айықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде орташа жалақы 199 206 теңгені құрады
Өзгелердің жаңалығы