Теңгенің айырбастау бағамын қорғау қажет – Ұлттық банк
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде доллар бағамының күрт өсуіне байланысты Ұлттық банк шешім шығарды.
Ұлттық банк төрағасы теңге курсының құлдырауына себептерді тізбектеді.
Осы жылдың ақпанында инфляция 0,16% болды. Жылдық мәні 10,6% дейін өсті. Негізгі үрдіс азық-түлік тауарлары бағасы өсуінің 8,6% күтілуі баяулау болды. Инфляцияның жылдамдауы азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердердің, тиісінше, 5,4% және 3,2% дейін қымбаттауы нәтижесінде орын алды. 2020 жылы ақпанның көп бөлігінде теңге шетел валютасының әкелінуі экспорттаушылардың валюталық түсімді сату мен бюджетке кепілдік берілген трансферттер үшін Ұлттық қордың валюталық активтерін конвертациялау аясында нығая түсті. 24 ақпанда коронавирустың әлемдік экономикаға таралу әсеренің күшеюі аясында жағдай күрт өзгерді.
6 наурызда ОПЕК Плюс отырысының қатысушылары мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәміленің тараптары бойынша келісе алмады. Ресей өндірудің міндеті ұсынысын қолдамады. Осыған байланысты Сауд Арабиясы 8 наурызда әлемнің барлық өңірі үшін өзінің мұнай бағасын төмендету және мұнай өндіру тәулігіне 9,7 млн баррельден 12 млн баррельге дейін ұлғайтуға дайын екені туралы шешім қабылдады. Бұл мұнайдың әлемдік бағаларын айтарлықтай төмендетуге алып келді. 9 наурызда Брент маркалы мұнай марка бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары шеңберінде саудаланды. Алдынғы күнмен салыстырғанда төмендеу 30%-тен асты. 9 наурызда афшоллық нарықтардағы рубльдің әлсіреуі мұнай бағасының құлдырауы аясында ең жоғары мәндерде 1 АҚШ доллары үшін 75,4 рубльге дейін шамамен 10% құрады. Осы жылдың 9 наурызында сауда-саттық ашылған кезден SNP 500 индексі 7% төмендеді, одан кейін сауда-саттық уақытша тоқталды, - деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында.
Айтуынша, өткен жылы дефицитпен жабылған төлемдік баланс биыл теңге курсының төмендеуіне және инфляцияның жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Әлемдік нарықтағы баға "соғысы" салушылар үшін осы жылы әлемдік экономика дамуын қиындатады. Бұл коронавирустың таралуын да әлдеқашан қысым көріп отыр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) болжамына қарағанда егер негативті әсер ету жалғаса берсе, осы жылы әлемдік ЖІӨ мұндай өсімінің төмендеуі 1,5% дейін болады. Мұндай жағдайда қазақстандық экспортқа деген сұраныстың бағасы төмендейді. Әлемдік нарықтағы шикізат тауарларға бағаның төмендеуі салдарынан 2020 жылы төлемдік баланстың әлсіреуіне әкеп соғады. Өткен жылы бұл көрсеткіш Қазақстанда 5,5 млрд доллар дефицитпен жабылған болатын. Бұл теңге курсының төмендеуіне және инфляцияның жоғарылауына әкелуі мүмкін, - деді Ұлттық банк төрағасы.
Бас банкир бүгінгі мәселені шешу үшін Ұлттық банк арнашы шешім шығарғанын және Қазақстанның қаржы нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 9 наурызда ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк әлемдік нарықтағы мұнай жағдайы мен макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қалу шаралары туралы бірлескен үндеу жариялаған болатын. Сыртқы сектор тарапынан өскен тәуекелдер аясында баға тұрақтылығын қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ теңгенің айырбастау бағамын қорғау қажет. Сондықтан Ұлттық Банк өз мандаты шеңберінде кезектен тыс отырыста ағымдағы жылғы 10 наурыздан бастап базалық ставканы және проценттік дәлізді +/- 1,5 п.т. жылдық 12%-ке дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Базалық ставканы арттыру макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтауға жағдай жасайды және сыртқы сектордың ішкі бағаларға және долларизация теріс әсерінің алдын алады.
Ұлттық Банк теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстанатынын растайды. Соған қарамастан, өзгерістер орын алғанда қаржы жүйесінің түрақтылығын қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялардың жүргізілуін жоққа шығармайды.
Ұлттық Банк әлемдік экономикадағы және халықаралық нарықтағы жағдайдың дамуын мұқият бақылауда және қажет болған жағдайда Қазақстанның қаржы нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға дайын, - деді ол Үкімет отырысында.