Тбилисиден 143 қазақстандық ұшып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық пандемия жағдайындағы әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты бүгін түнде Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің көмегімен Тбилисиден еліміздің 143 азаматы ұшып келеді.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Рейсте жолаушыларды тіркеу және отырғызу кезінде қазақстандықтардың жағдайы тыныш болды. Кедендік және шекаралық бақылау рәсімдері кідіріссіз өтті. Жолаушылар рейстің кешеуілдеуіне түсіністік танытты және чартерлік рейсті ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы