Тбилисиде президенттік резиденцияға шабуыл жасаған 13 адам ұсталды

Грузия полициясы 4 қазанда Тбилисидегі президенттік резиденция ғимаратына жасалған шабуылға қатысы бар 13 адамды ұстады. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрінің орынбасары Александр Дарахвелидзе мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Интерфакске сілтеме жасап.

Сот шешімінің негізінде алғашқы кезеңде шабуылға қатысқан 15 адам анықталды, олардың 13-і ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр, - деді ол.

Бұған дейін Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе «Рустави» телеарнасына берген сұхбатында құқық бұзушыларды ұстау үшін арнайы операция жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын.

Президенттік резиденцияға шабуыл жасағандардың бәрі заң алдында жауап береді. Бүгінде бізде бұл тұлғаларды анықтау үшін барлық қажетті ресурстар бар, - деді Кобахидзе.

5 қазанда шабуылды ұйымдастырды деген күдікпен Паата Бурчуладзе, Муртаза Зоделава, Ираклия Надирадзе, Паата Манжгаладзе және Лаши Беридзе ұсталғаны хабарланған.

Грузияның Бас прокуратурасы олардың үстінен конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге шақыру, оппозициялық топқа басшылық ету, және топтық зорлық-зомбылыққа қатысу баптары бойынша іс қозғағанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы