Тәжікстанның мәдениет күндері аясында Астанада жәрмеңке-көрме өтеді

26-29 тамыз күндері Тәжікстанның мәдениет күндерін атап өту аясында Қазақстанда EXPO халықаралық көрме кешенінің алаңында ауқымды жәрмеңке-көрме өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда қонақтары мен тұрғындарына ауыл шаруашылығы өнімдері, көкөніс өнімдері және дәстүрлі бақша дақылдары, бал, тәттілер, сусындар (шырындар мен алкогольдік сусындар), қолөнер бұйымдары, табиғи материалдан жасалған кәдесыйлар, киіз, тоқыма, тоқылған бұйымдар, сәндік бұйымдар, пышақтар, әлемге әйгілі тәжік атласы және тағы басқалар ұсынылады.

Жәрмеңкеде қыш, темір ұстасы, ағаш өңдеу, көркем кескіндеме, тоқу және т.б. сияқты халық бұйымдарын жасау барысы көрсетіледі.

Палау, курутоб, угро сияқты тәжік ұлттық тағамдарының таңғажайып тағамдарынан дәм татуға болады.

Сондай-ақ жәрмеңке қонақтарына арнап Тәжікстан Республикасының өнер шеберлерінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Іс-шараның ашылуы 26 тамыз күні сағат 13:00-ге жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы