Тәжікстандықтардың Ресейге кіруі қиындады: Қазақтардікі қалай болмақ?

Бұл сұрақ СІМ брифингінде қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 22 наурызда Ресей астанасы Мәскеудегі "Крокус Сити холл" концерт залында теракт болғаны белгілі. Осыдан кейін Тәжікстан азаматтарының Ресейге кіруі қиындады. Тәжістан Сыртқы істер министрлігі болған жағдайға түсінік берді. Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі де өз азаматтарын РФ-ға бармауға шақырды.

БАҚ өкілі "Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі неге үнсіз?" және "Қазақстандықтарға Ресейге бару қиындық туғызбай ма?" деп сұрады.

Достық, одақтастық және стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қанытас көп қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісі болып саналады. Сондықтан біз Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарада қандай бір проблеманы көріп отырған жоқпыз. Қазақстанның Мәскеудегі дипломаттары жергілікті билік, РФ Сыртқы істер министрлігі және шекара қызметімен үнемі байланыста, – деп жауап берді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ол азаматтар сол елдің заңын сақтаса, ешқандай мәселе туындамайтынын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы