Тәжікстанда жер сілкінісі болды, қаза тапқандар бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдің солтүстігінде жер сілкінісі кезінде кем дегенде бес адам қаза тапты. Бұл туралы korrespondent.net сайты хабарлады.

Тәжікстанның солтүстігінде 5,9 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC).

Жер асты дүмпулері UTC уақыты бойынша 02.14-те тіркелді. Эпицентрі Худжанд қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 169 шақырым жерде орналасқан. Зілзала ошағы 40 шақырым тереңдікте болған.

Кейін БАҚ бес адамның қаза тапқаны туралы хабарлады.

Сондай-ақ, бір күн бұрын Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі болғандығы туралы хабарланды. Магнитудасы 5,6 балл болатын дүмпулер 102 км тереңдікте тіркелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы