Тәжікстанда ұшақ апатқа ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстан Республикасы Қорғанысқа жәрдемдесу қоғамдық ұйымының 1978 жылы шыққан «АН-2» ұшағы Қорғаныс министрлігінің «Фахрабад» жаттығу полигонында жоспарлы оқу-жаттығу кезінде техникалық себептерге байланысты апатқа ұшырады.

Бұл туралы Тәжікстанның Ұлттық ақпарат агенттігі хабарлайды.

Апат салдарынан 1951 жылы туған ұшқыш қаза тауып, 1991 жылы туған екінші ұшқыш дене жарақаттарын алып, аурухана жеткізілген. Тәжікстан Республикасының мемлекеттік ұлттық тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, заңнамаға сәйкес шаралар жүргізуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы