Тәжікстанда бір тәулік ішінде төртінші рет жер сілкінді
Бүгін, 13 сәуір күні Тәжікстанда бір тәулік ішінде төртінші жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кешкі сағат 19:34-те Рашт ауданының орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым жерде магнитудасы 5 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.
Сол күні бұған дейін тағы үш сейсмикалық дүмпу байқалды:
4,2 баллдық жер сілкінісі – 10:06,
4,7 баллдық жер сілкінісі – 12:14,
5,9 баллдық алғашқы дүмпу – 4:21, 10 км тереңдікте.
Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің дағдарысты басқару орталығының мәліметінше, ең күшті жер сілкінісі кезінде 17 тұрғын үй ішінара қираған. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте 7 жастағы бала қоршалмаған шұңқырға құлап, көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы