Тәжікстанда бас имамды пышақтап кетті

Душанбеде белгісіз біреу Тәжікстанның бас мүфти, Улем кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзодаға шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елдің ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға Душанбедегі орталық мешіттің жанында намаз уақытынан соң болған.

Кешкі намаз аяқталған соң белгісіз азамат Душанбедегі орталық мешіт маңында Улем кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзодаға пышақ жарақатын салған, - делінген хабарламада.

Салдарынан діни қызметкер жеңіл жарақатын алғаны айтылуда. Дәрігерлер оған қажетті көмек көрсеткен соң ол үйіне жеткізілген.

Қылмыскерді ішкі істер органдарының қызметкерлері дереу ұстады. Шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aa.com.tr
Өзгелердің жаңалығы