Тәжікстанда 2 мыңға жуық мешіт жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті билік шешіміне сәйкес, мешіттердің бір бөлігі мұқтаж отбасыларға берілді. Екінші бөлігі мәдениет, шайхана, медициналық орталық және балабақша ретінде қолданылады.

Тәжікстан билігі рұқсат етілген құжаты жоқ 1 мың 938 мешітті жабу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Тәжікстанның Үкіметі жанындағы Дін істері және дәстүрді реттеу жөніндегі комитетінің төрағасы Сулаймон Давлатзода хабарлады. 

Мұндай мешіттердің көп бөлігі тиісті құжатсыз салынған және заңсыз жұмыс істеген. Оларға мешітті заңды тіркеу үшін уақыт берілді. Бірақ көбі белгіленген уақытта орындамады және сондықтан жабылды, - деді Давлатзода.

Комитеттің мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылдың соңында елде 4 мыңға жуық діни мекеме тіркелген. Олардың 48-і – орталық жұма мешіті, 326-сы – жұма мешіті, 3528-і – бес мезгіл намаз оқуға арналған мешіттер, бір ислам орталығы, үш исмаилдық орталық, 67 ислами емес діни бірлестіктер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы