7 Қараша 2026, 17:37
Фото: Ақорда
Тәжікстан Президентінің Қазақстанға ресми сапары аяқталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары мәртебелі мейманды елорда әуежайында шығарып салды.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Еске салайық, Мемлекет басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылдады.