Тәжікстан президентінің қарындасы коронавирустан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қарындасы 64 жастағы Курбонби Рахмонова қайтыс болды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Рахмонова коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ол Душанбедегі №5 клиникалық ауруханада ем қабылдаған көрінеді.

Рахмонова Тәжікстанның оңтүстігіндегі Дангара аймағында жерленді.

Тәжікстан үкіметі президентке, отбасы мен достарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Айта кетейік, 5шілде күні Тәжікстан президентінің енесі Өзбекби Асадуллоева 88 жасында көз жұмған болатын. Деректерге сүйенсек, Асадуллоевадан коронавирус белгілері байқалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы