Хорватияның экс-президенті мен Тәжікстан президенті Назарбаевқа жеделхат жіберді

Алматы, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Хорватияның бұрынғы президенті мен Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмоннан жеделхат келіп түсті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Эмомали Рахмон Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдаған.

Сізге бауырластық қолдауымды білдіргім келеді. Шын жүректен тезірек толық сауығып кетуіңізді және ұзақ ғұмыр, бақ-береке тілеймін. Сізге деген зор құрметім мен ыстық ықыласымды қабыл алыңыз, - делінген жеделхатта.
Хорватияның бұрынғы президенті Степан Месич те Тұңғыш Президентке денсаулық тілеп, жеделхат жіберді.
Сіздің сырқаттанып қалғаныңыз туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдадым. Шын жүректен тезірек толық сауығып кетуіңізді, күш-қайрат пен сарқылмас оптимизм тілеймін, - делінген жеделхатта.

Айта кетсек, 18 маусым күні Елбасының ПТР тестінен оң нәтиже анықталған еді. Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев оқшауланған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы